Апостиль – құжаттамаға қол қойған адамның қолын және оның өкiлеттiктерiн, сондай-ақ осы құжат бекiтiлген мөрдiң немесе мөртаңбаның түпнұсқалылығын растайтын арнайы мөртаңба.

«Апостиль» мөрі құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелеріне қойылады. 1961 жылғы 5 қазандағы Гаага конвенциясына қосылған, консулдық заңдастыру талаптарының күшін жоятын және жеңілдетілген заңдастыру рәсімін енгізетін елдерге құжаттар жолдау кезінде қолданылады.

Апостильденген құжат аттестациялауды немесе заңдастыруды талап етпейді, оны Конвенцияға қатысушы барлық мемлекеттің ресми органдары мойындайды.

Бұл қызмет елімізде 2001 жылдан бастап көрсетіліп келеді. Ал,  апостильденген құжат 112 мемлекеттің аумағында жарамды болып саналады.

Апостильдің мәтіні: апостиль берген мемлекеттің атауы, қойылатын құжатқа қол қойған тұлғаның тегі, оның лауазымы, қолы, құжатты мөрмен/мөртабанмен бекіткен мекеменің атауы, қаланың атауы, апостиль қою күні, нөмірі, апостиль қойған мекеменің мөрі деректемелерінен тұрады.

Конвенцияға сәйкес апостиль құжаттың өзінде немесе құжатпен қоса берілетін жекелеген парақта қойылады.

         Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетудің нәтижесi: құжатқа қол қойған тұлға қолының түпнұсқалығын куәландыратын және оның өкілеттілігін, сондай-ақ осы құжат бекітілген мөрдің немесе мөртаңбаның түпнұсқалығын растайтын арнайы мөртаңба – апостиль қойылған құжат немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.

Порталда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік қызмет көрсетуге дайын екендігі туралы хабарлама не бас тарту себептері көрсетілген жауап жіберіледі. Апостиль қоюдан бас тартылса, себептері жазбаша түрде көрсетіледі.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға ақылы түрде көрсетіледі.Қазақстан Республикасында жасалған ресми құжаттарға апостиль қойғаны үшiн – әрбір құжат үшін 0,5 айлық есептік көрсеткіш төлем жасалады. Төлем Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментіне төленеді.

Азаматтар соттардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою туралы өтініштерді Жоғарғы Соттың интернет-ресурсында «Апостилдеу» функционалындағы «Сот кабинеті» сервисі арқылы беру мүмкіндіктері бар. Құжаттарға апостиль қою үшін еліміздің кез келген өңірінен тікелей сотқа жүгініп немесе сол өңірдің халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы жүзеге асырады.

Сот шешімдерін орындау әрі сот тапсырмаларын басқа елге жолдау кезінде, сол елмен Қазақстан арасында ешқандай келісім болмаса, ол ел Гаага конвенциясының қатысушысы болмаған жағдайда соттың құжаттарына апостиль қойылуы қажет.

А.Нысанбаева,  

Жаңақорған аудандық сотының бас маманы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!