Фото: ашық дереккөзден

2024 жылдың 26 сәуірінде «Семей орманы» мемлекеттік табиғи орман резерваты  Бородулиха филиалының Дмитрев орман шаруашылығының мемлекеттік инспекторы орман өртін анықтады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Өрт орнына 7 бірлік өрт сөндіру машинасы мен орман күзетінің 11 адамы шықты. Өртті сөндіру жүргізілді. Бұдан әрі алгоритмге сәйкес өрт туралы хабарлама Абай облысының ТЖД-не берілді. Өртті сөндіруге 36 адам және 9 бірлік техника жұмылдырылған», делінген хабарламада.

Батпақты жер болғандықтан өрт орнына жету қиындаған.

Қосымша Семей қаласынан Абай облысы ТЖД күштері мен құралдары жеке құрамның 21 адамы және 6 бірлік техника жіберілді. Өрттің ауданы нақтылануда.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!