«Таза Қазақстан» республикалық акциясының «Жасыл аймақ» апталығы аясында аудан көлемінде ағаш көшеттері мен гүл отырғызу жұмыстары жүргізілді.

Аталған жұмыстарға мекеме қызметкерлері, ардагерлер мен ерікті жастар атсалысты. Биылғы маусымда Арал қаласында 3000 түп ағаш отырғызу жоспарланған.

Жергілікті жерге төзімді көшеттер таңдап алынды. Аяқ су мәселесі қиындық тудырмас үшін тамшылатып суару әдісіқолданылуда. Бұдан бөлек, орталық көшелерге, демалыс орындарына, саябақтарға гүлдер отырғызылуда. Бүгінгі акцияда қаламызға 70 түп ағаш, 100 түп гүл көшеттері отырғызылды.

Сонымен қатар, акция аясында Арал теңізінің құрғаған ұлтанына сексеуіл егу жұмыстары да жүргізілді. Мемлекет басшысының тапсырмасымен Арал теңізінің құрғаған ұлтанына 1,1 млн. гектар сексеуіл екпелерін егу кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда.

Атап өтейік, осы аптадан бастап «Таза Қазақстан» экологиялық науқанының «Жасыл аймақ» апталығы бастау алды. Тазалық және көркейту-көгалдандыру жұмыстары жүргізілетін болады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!