Фото: nalogikz.kz

Қазіргі таңда, ақпараттық және инновациялық технологиялар жаңарған сайын салық, кеден жүйесіндегі бақылау мен әкімшілдендіруді жетілдіруге байланысты өзгерістер де күн санап дамып келеді. 

​Бизнеске қолайлы, сапалы, мемлекеттік қызмет көрсету үшін, кірістер органдарымен жылма-жыл салық және кеден саласын цифрландыру жұмыстары жүргізіліп, ұдайы жетілдіріліп келеді.

Елімізде 2019 жылдан бері жұмыс жасайтын әділеттілік принципіне негізделген салықтық бақылауға арналған Тәуекелдерді басқару жүйесінің тиімділігі артып келеді. Бұл жүйе салық төлеушілерді санаттау арқылы ақпараттық жүйелерден алынған мәліметтерді пайдалана отырып, заң бұзушылықтың деңгейі жоғары аймақтарға назарды шоғырландырып, салықтық міндеттемелерді ерікті түрде орындатуға негізделген.

Санаттарға бөлу автоматтандырылған режимде орталық деңгейде салық төлеушілердің қызметін тәуекелдің үш дәрежесінің біріне жатқызу жолымен жүзеге асырылады: төмен, орташа және жоғары.

Санаттарға бөлу  ҚР Салық кодексінің 136, 137-баптарына «Құпия ақпарат болып табылмайтын өлшемшарттар бойынша тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы минстрінің 2018 жылғы 20 ақпандағы №252 бұйрығына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес жүргізіледі.

Тәуекелдің жоғары дәрежесіне Қағидалармен бекітілген ашық критерийлерде, жария етуге жатпайтын жабық критерийлерде әсер етеді. Бұл тізбе мен олар бойынша есептеу алгоритмнің  «Қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгісі бар және таратылуы шектелген қызметтік ақпарат болып табылатындығына байланысты.

Тәуекел дәрежесін жоғарылататын, яғни ТЕРІС өлшемшарттар мыналар:

– «Салық есептілігінде көрсетілетін шығыстар және кірістер сомасы» өлшемшарты (0,98-ден 1-ді қоса алғанға дейінгі диапазонда болатын түзетулерді есепке ала отырып жылдық жиынтық кіріске түзетулерді есепке ала отырып корпоративтік табыс салығы бойынша шегерімдер сомасының арақатынасы ретінде айқындалады. Есеп айырысу жүргізілетін кезең соңғы есепті күнтізбелік жылы болып табылады).

– Салық есептілігінде бірнеше салықтық кезең бойы залалдарды көрсету» өлшемшарты (егер соңғы 3 (үш) салықтық кезең (жыл) ішінде салық есептілігінде залал көрсетілетін жағдайда айқындалады. Салықтық мониторингке жататын, сондай-ақ жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа сәйкес қызметін жүзеге асыратын салық төлеушілер үшін өлшемшарт соңғы бес жылдық кезең бойынша айқындалады).

– «Бюджетке төленуге жататын салықтар сомасын азайта отырып, қосымша декларацияны табыс ету жолымен салықтарды төлеуден жалтару белгілері бар салық төлеушілер» өлшемшарты (салық төлеуші корпоративтік табыс салығы мен қосылған құн салығы бойынша декларацияны табыс ету арқылы камералдық бақылау нәтижелері бойынша мемлекеттік кірістер органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындағаннан кейін корпоративтік табыс салығы мен қосылған құн салығы бойынша азайтуға қосымша декларацияны табыс еткен кезде айқындалады. Тәуекел дәрежесінің (деңгейінің) бұл өлшемшарты шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жататын салық төлеушілерге қатысты қолданылады).

«Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды» өлшемшарты (камералдық бақылау нәтижелерi бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы орындалмаған хабарламалардың болуы, олардың Салық кодексінің 96-бабы бойынша орындау белгіленген күнінен 15 (он бес) және одан да көп күн өтуі жағдайында айқындалады. Есеп айырысу жүргізілетін кезең соңғы 6 (алты) ай болып табылады).

– «Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мерзімде салық есептілігін табыс етпеу» өлшемшарты (Есеп айырысу жүргізілетін кезең – соңғы 12 (он екі) ай).

– «Салық төлеуші ҚР  ҚМ МКК  сайтында орналастырылған сенімсіз салық төлеушілердің тізімінде тұр» өлшемшарты (Салық төлеуші Қазақстан Республикасы  Қаржы Министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында орналастырылған сенімсіз салық төлеушілердің тізімінде болуына орай).

Тәуекел дәрежесін төмендететін, яғни ОҢ өлшемшарттар мыналар:

– «Салықтық мониторингке қатысу» өлшемшарты (көлденең мониторинг туралы келісім, сондай-ақ көлденең мониторинг бойынша пилоттық жобада болған жағдайларда айқындалады).

– «Астық нарығына қатысушыларға қосылған құн салығының асып кеткен сомасын оңайлатылған қайтару жөніндегі пилоттық жобаға қатысушы» өлшемшарты (Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының мемлекеттік кірістер органдарына есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5 (бесінші) күнінен кешіктірмей ұсынатын, салық төлеушіні пилоттық жобаға қатысушы ретінде тіркеу туралы мәліметтері негізінде айқындалады).

– «Салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу» өлшемшарты (санаттау жүзеге асырылатын кезеңнің алдындағы жарты жылдықтағы салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеудің өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда өсу динамикасы негізінде айқындалады. Төлем сомасына кедендік төлемдер, импортталған тауарларға қосылған құн салығы, импортталған тауарларға акциз қосылмайды. Төлем сомалары қайтарылған сомаларды ескере отырып айқындалады. Өлшемшарт 1 (бір) миллион теңгеден астам салық төлеу бойынша тарихи деректері бар салық төлеушілер бойынша есептеледі).

– «Салық төлеушінің стандартты тексеру файлын қолдануы» өлшемшарты (салық төлеуші стандартты тексеру файлын қолданған жағдайда айқындалады).

– «Салықтар және әлеуметтік төлемдер бойынша дәйекті берешектің болмауы» өлшемшарты (осы Қағидалардың 8-тармағында белгіленген күннің алдындағы 6 (алты) айдың соңғы күніндегі жағдай бойынша айқындалады. Тәуекел дәрежесінің (деңгейінің) бұл өлшемшарты шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жататын салық төлеушілерге қатысты қолданылады.)

– «Үш компонентті интеграцияланған жүйені қолдану» өлшемшарты (салық төлеуші үш компонентті интеграцияланған жүйені нақты қолданған жағдайда айқындалады. Есеп айырысу жүргізілетін кезең – соңғы 6 (алты) ай.)

– «Виртуалдық қойма» модулін қолдану» өлшемшарты («Виртуалдық қойма» модулі арқылы тауарларға ілеспе жүкқұжаттары ай сайын ресімдеген және тауарларға ілеспе жүкқұжаттары негізінде шот-фактураны электрондық түрде жазып берген жағдайда айқындалады. Есеп айырысу жүргізілетін кезең – соңғы 6 (алты) ай. Тәуекел дәрежесінің (деңгейінің) бұл өлшемшарты шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жататын салық төлеушілерге қатысты қолданылады.)

Кері әрі оң әсер ететін өлшемшарт: Салықтық жүктеме (соңғы есепті күнтізбелік жыл есеп жүргізілетін кезең болып табылады).

Өлшемшарттардың толық тізбесімен Қағидадан танысуға болады.

• Салық төлеушінің қай тәуекел дәрежесіне жатқызылғаны жөнінде мәлімет ҚР ҚМ МКК http://kgd.gov.kz ресми сайтындажәне «Салық төлеушінің кабинеті» web-қосымшасында қол жетімді.

• Салық төлеушілерді ақпараттандыру салық төлеушілерді санаттарға бөлу жүргізілетін тоқсанына бір рет өзектендіріледі.

• Салықтық берешекті және (немесе) әлеуметтік төлемдер бойынша берешекті күнтізбелік 30 (отыз) күннен астам өтемеген кезде, тәуекел дәрежесі (деңгейі) төмен деп айқындалған салық төлеушілер бойынша тәуекел дәрежесі (деңгейі) айына 1 (бір) реттен кем емес өзектендірілуге жатады.

• ТБЖ қолданылатын құпия ақпарат болып табылмайтын өлшемшарттар туралы мәліметтер мен олардың негізінде өлшемшарттарды есептеу жүзеге асырылған көрсеткіштер, салық төлеушіге «Салық төлеушінің кабинеті» web-қосымшасы арқылы жіберіледі

• Салық төлеушілер құпия ақпарат болып табылмайтын өлшемшарттар бойынша мемлекеттік кірістер органдарына «Салық төлеушінің кабинеті» web-қосымша арқылы түсініктемені өз бастамасы бойынша жолдайды

• Құпия ақпарат болып табылмайтын өлшемшарттардың есебі мемлекеттік кірістер органдарында бар деректер бойынша салық төлеушілерді санаттау жүргізілетін тоқсанның алдындағы екінші айының бірінші күніндегі жағдай бойынша жүзеге асырылады.

• Одан  бөлек, мүмкін болатын тәуекелін бағалау үшін, салық төлеушілер өз жеткізушілері бойынша тәуекелін бағалау  барысында ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің  ресми сайтында көрсетілген деректерді қолдана алады.

​Бұл ретте санаттау салық төлеушінің сатып алуды жүзеге асыру  және азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар жасасу кезіндегі қызметін шектемей, тек салықтық әкімшілендірудің жекелеген бағыттары бойынша шараларды саралауды көздейтініне назар аударамыз.

​Сонымен қатар, мемлекеттік сатып алулар  өткізу барысында кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы бойынша біліктілігі іріктеледі, онда табысы, төлеген салығы, негізгі құралдары, еңбекақы төлеу қоры секілді көрсеткіштер ескеріледі.

А.Бегайдаров

Заңды тұлғаларды әкімшілендіру

бөлімінің басшысы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!