Әйгілі аңыз ойыншы, «Реал» клубының бұрынғы бас бапкері Зинедин Зидан ресми түрде Франция ұлттық құрамасының бас бапкері атанды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Бұл қызметте Зидан құраманы рекордтық 14 жыл басқарып, осы жаздағы Әлем чемпионатында төртінші орын алғаннан кейін (Англиядан ірі есеппен ұтылған соң) қызметінен кеткен Дидье Дешамды алмастырды.

54 жастағы Зидан 5 жылдық үзілістен кейін бапкерлік қызметке қайта оралды. Ол «Реалмен» бірге 11 трофей жеңіп алған, оның ішінде Чемпиондар лигасының кубогын үш рет қатарынан иеленген.

Футболшы ретінде Зинедин Зидан Франция құрамасымен 1998 жылғы әлем чемпионаты мен 2000 жылғы Еуропа чемпионатының жеңімпазы атанған.

Аңызға айналған Зиданның жаңа қызметтегі алғашқы сынағы Ұлттар лигасы аясында Түркияға қарсы сырт алаңдағы матч болмақ. Ал 2 қазанда «Стад де Франс» стадионында Италия құрамасын қабылдайды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!