Тамақтан улану — саяхат кезінде ең жиі кездесетін денсаулық мәселелерінің бірі. Қарапайым сақтық шараларын сақтау өзіңізді жақсы сезінуге және жолдағы жағымсыз салдарлардан аулақ болуға көмектеседі.

Алдын алудың негізгі шаралары

Қол гигиенасын сақтаңыз

Тамақтану алдында және дәретханаға барғаннан кейін қолды сабынмен жуыңыз. Егер суға қолжетімділік болмаса, антисептикалық құралдарды пайдаланыңыз.

Тек қауіпсіз өнімдерді тұтыныңыз

Азық-түлікті ресми сауда нүктелерінен сатып алыңыз. Рұқсат етілмеген сауда орындарынан дайын тағамды сатып алудан аулақ болыңыз.

Пойызда азық-түлікті сақтау шарттарын орындаңыз

Сапар барысында, егер тоңазытқышта сақтау мүмкіндігі болмаса, тез бұзылатын өнімдерді (сүт өнімдері, майонез қосылған салаттар, үйде жасалған кремді өнімдер) өзіңізбен бірге алмаңыз. Ұзақ сақталатын өнімдерге басымдық беріңіз: құрғақ печенье, қытырлақ нандар (хлебцы), жаңғақтар, жемістер, бөтелкедегі су.

Тек қауіпсіз су ішіңіз

Бөтелкедегі немесе қайнатылған суды пайдаланыңыз. Белгісіз көздерден алынған суды ішу және тамақ дайындау үшін қолданбаңыз.

Көкөністер мен жемістерді мұқият жуыңыз

Тұтынар алдында көкөністерді, жемістер мен жидектерді міндетті түрде таза сумен жуыңыз.

Жарамдылық мерзімін қадағалаңыз

Тағамды тұтынар алдында, әсіресе жолдан сатып алынған өнімдердің шығарылған күні мен жарамдылық мерзімін тексеріңіз.

Тамақтан уланудың белгілері

  • жүрек айнуы;
  • құсу;
  • іштің ауыруы;
  • іш өту (сұйық үлкен дәрет);
  • дене температурасының көтерілуі;
  • әлсіздік және бас айналу.

Тамақтан улану белгілері пайда болған кезде сұйықтықты тұтыну көлемін арттыру қажет. Жағдай ауырлағанда, жоғары температурада немесе сусыздану белгілері байқалғанда дереу медициналық көмекке жүгіну керек.

Жолдағы қауіпсіз тамақтану — жайлы әрі дені сау саяхаттың кепілі!

Ж.А.Уразалина
Көліктегі санитариялық – эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!