ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР!
Бүгінгі күн – мемлекетіміздің болашағын айқындайтын аса маңызды тариxи сәт. Бүгін біз ортақ болашағымыздың дамуы үшін дауыс береміз.
Елімізде Мемлекет Басшысының тапсырмаларын іске асыру мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Алдымызда мемлекетімізді алға одан әрі жетелейтін ауқымды міндеттер тұр. Бәрінінде өз таңдау құқығы бар. Барша қызылордалықтарды өз Конституциялық құқығын пайдаланып, дауыс беруге шақырамын. Бұл саяси іс-шара – еліміз үшін өте маңызды.

Дамудың даңғыл жолы үшін әр азамат болашақты таңдау құқығынан қалыс қалмауы қажет, әрбір азамат оны жүзеге асыруы керек. Сондықтан да барша қызылордалықтарды өз таңдауын жасап, дауыс беруге шақырамын.

Серік ДҮЙСЕНБАЕВ,

Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!