ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі қызметкерлерінің бірінің туыстық қарым-қатынастары бар деген ақпарат таратылуда.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша департаментінің басшысы Денис Шакенов Өскемендегі қыз баланы ұрып-соққан жасөспірімдердің Антикор қызметкерімен туыстық байланысы бар деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“Әлеуметтік желілерде, АДК сауда орталығында орын алып қоғамдық резонанс тудырған оқиға қатысушыларымен, ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі қызметкерлерінің бірінің туыстық қарым-қатынастары бар деген ақпарат таратылуда. Осыған байланысты, бұл факт шындыққа сәйкес келмейтіндігін ресми мәлімдейміз, оқиғаға қатысқан адамдардың ШҚО Антикор қызметкерлерімен ешқандай туыстық қатынастары жоқ”, – деп жазды Шакенов желіде.

Сонымен қатар, департамент басшысы әлеуметтік желілерді пайдаланушыларға Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 274-бабының 2-бөлігінің 3-тармағына сәйкес, бұқаралық ақпарат құралдарын немесе ақпараттық-коммуникациялық желілерді пайдалана отырып көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға дейінгі қылмыстық жауаптылық көзделгенін ескертті.

Еске салсақ, бұдан бұрын желіде Өскемендегі сауда орталықтарының бірінде жасөспірім қыздардың өз қатарластарын ұрып-соққан, тізерлеп отырғызып, шешіндірген видеосы таратты.

Фото: Unsplash

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!