Қызылорда қаласының Журба және Құдабаев көшелерінің қиылысында қала тұрғыны жеке автокөлігімен «шұңқырдан» қашып, аударылып қалды. Бұл туралы инстаграмм желісіндегі «krytykaKzylorda» парақшасында хабарланды.

Аталған оқиғаға байланысты Қызылорда қалалық полициясы басқармасындағылар: «14.04.2023 жылы сағат 15:30 шамасында Кызылорда каласы, Журба-Кудабаев көшесі қиылысында болған жол-көлік оқиғасы бойынша толықтай зерделеніп, жүргізушінің басқару жүйесіне ие бола алмай қалғандығы және адам шығыны жоқ екендігін хабарлаймыз. Аталған дерек Қызылорда қалалық ПБ тіркелген» деп жауап берді.

Әйтсе де, халық тарапынан аталған жағдайға наразы пікірлер көп. Солардың бірі желі қолданушы Абзал Әзизұлы «Сонда жолдағы шұңқырдың түк қатысы жоқ па? Осы шұқырларға, қауіпті жерлерді түгендейтін инспекторларыңыз қайда? Арыз болса да қаралмайды, ең болмаса атқарушы органдарға анықтап ұсыныс жасасаңыздар болмай ма?» деп пікір қалдырған.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!