Бос уақытты тиімді пайдалану, сондай-ақ саламатты өмір салтын насихаттау және халықтың белсенді және салауатты өмір салтын жүргізуге ынтасын дамытуға негізделген профилактикалық жұмысты жетілдіру мақсатында Қызылорда облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы тарапынан Қызылорда облыстық психикалық денсаулық орталығы пациенттері арасында спорттық іс-шара іске асырылды.
Футбол, үстел теннисі, ауыр атлетика, дойбы, 100 метрлік жүгіру, армрестлинг сияқты спорт түрлері бойынша жарыстар ұйымдастырылды. Жарысқа 11, 12, 13, 14, 16 бөлімшелерінің пациенттері қатысты. Барлық бөлімшелердің өкілдері жарыстарда өздерін лайықты көрсете білді және жеңімпаз атанды.
Қатысушылар аталған іс-шараны ұйымдастырғаны үшін өздерінің алғыстарын білдіріп, полиция қызметкерлері мен медицина қызметкерлерінің бірлескен іс-әрекеттерін бағалады.
Жарысқа қатысушылар сыйлықтар және дипломдармен марапатталды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!