Бүгін Сырдария ауданының әкімі Талғат Дүйсебаев ардагерлерді Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.

Аудан әкімі Ұлы Отан соғысының ардагері, «Сырдария ауданының Құрметті азаматы», 98 жастағы Яхия Тасыровты мерекемен құттықтап, облыс әкімінің Құттықтау хатын табыс етті. Сондай-ақ, тыл және еңбек ардагері, «Сырдария ауданының Құрметті азаматы» Рақымжан Бәйменов пен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Хайролла Әбенұлына Жаңа жылдық құттықтауын жеткізіп, сый-құрмет көрсетті.

Құрметті қарияларды Жаңа жыл мерекесімен құттықтаған аудан әкімі ауданның өсіп-өркендеуіне, елдің ынтымақ-бірлігін сақтауға ардагерлердің қосып жүрген үлесі зор екенін атады. Сонымен қатар, биылғы жылды аудан табысты қорытындылағанын жеткізді. Өз кезегінде ардагерлер ризашылығын білдіріп, баталарын берді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!