Коллаж: Kazinform/ИИ
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі ел азаматының АҚШ-та жоғалып кеткені туралы ақпаратқа түсініктеме берді, – деп хабарлайды KAZINFORM.
Ведомствоның хабарлауынша, қазақстандық дипломаттар АҚШ-тың құзырлы органдарымен байланысқа шығып, оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.
— ҚР Сыртқы істер министрлігі Чикагода Қазақстан азаматы А.Құралбайдың жоғалып кеткені жөнінде хабардар. Нью-Йорктегі Бас консулдық оның туыстарымен тығыз байланыста. Бұл жағдай Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің бақылауында, деп аталып өткен министрлік ақпаратында.
Айта кетейік, бұған дейін АҚШ-та қазақ азаматы із-түзсіз жоғалып кеткенін жазған едік. Ол барлық құжаты мен ақшасын үйіне қалдырып кеткен.
Асет Құралбай АҚШ-та, Иллинойс штатындағы Чикаго маңында (Ford Heights ауданында) тұрып келген. Ол соңғы рет 2026 жылғы 2 маусымда байланысқа шыққан. 7 маусымнан бастап оның телефоны өшірулі.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!