Алматы облысында жаппай төбелес кезінде оққа ұшқан жігіттің жақындары әділдік сұрайды. 17 жастағы Мәрленді 20 жастағы жігіт мылтықпен атып өлтірген. Дегенмен ауыл тұрғындары қылмыс болған күні олардың қару ұстап тайраңдап, ауылды басына көтеріп жүргенін көрген екен. Қапыда ұлдарынан айырылып қалған олар кінәлілер лайықты жазасын алуы үшін соңына дейін күресуге дайын екенін жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

полицияда тіркелді және сотқа дейінгі тергеу басталды. Жедел іздестіру шарасында полиция қызметкерлері оқиғаға қатысы бар 20-дан астам баланы анықтап жеткізді. Оның тоғызы аудандық полицияның уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазір сот-медициналық сараптама тағайындалып, барлық тергеу іс-шарасы жүргізіліп жатыр”, – деді Алматы облыстық полиция департаментінің ресми өкілі Ернар Сайділдин.Ал қару сол ұсталғандардың бірінің әкесіне тиесілі екен. Заңға сәйкес Мәрленді өлтірген күдікті кемі 15 жылға дейін, ал қалған сегізі 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Дегенмен тергеу әлі жалғасып жатыр.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!