Онлайн платформалар таксистер мен курьерлерге әлеуметтік төлем аударуға міндеттеледі. Яғни, олар енді ресми түрде жұмыспен қамтылғандар қатарына қосылмақ. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрінің міндетін атқарушы Назгүл Сағындықова мәлімдеді.

Оның айтуынша, қазірдің өзінде «Яндекс», Uber және Wolt-пен келісім жүргізілген. Онлайн-платформалар төлемді таксистердің табысынан емес, өз қалталарынан аударатын болды. Бұл шаралар жаңадан қабылданған Әлеуметтік кодекс аясында жүргізіліп жатыр.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!