Танымал блогерлер Дархан Жолшыбеков пен әнші Дариға Нүркеева 300 миллион теңгеге салынған жаңа үйін көрсетті, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

«Армандар орындалады деп осы видеода айта алмаймын. Мен 24 жасымда 300 миллионға үй аламын деп армандамаған да едім. Барлығыңа жұғысты болсын. Біз үшін қуанып қойыңыз», – деп жазған блогер парақшасында. 

«300 миллион теңгелік үйге HOUSE TOUR. Барлығыңызға жұғысты болсын. Көз тимесін деп түкіріп қойыңыздар», – деп жазған ол. 

Блогерлер зәулім үйіндегі бөлмелерін көрсетті. Үйде заманауи стильде жасалған гараж, тереңдігі 2 метрлік бассейн, кәуап дайындауға арналған демалыс орны және терраса бар. 

Желі қолданушылары ерлі-зайыптының қонысына құтты болсын айтып, түрлі пікір қалдырған. 

«Үйіңе күзетші ит керек емес пе?», «Баршаңызға бұйырсын», «Дархан, бауырым, үйің әдемі екен. Бірақ бассейннің жан-жағын қоршамайсың ба? Балаң өсіп келе жатыр ғой, түсіп кетпесін», «Аллаға шүкір! Осындай жастар көбейе берсін! Жарайсыңдар!» «МашАлла жап-жас болып осындай жетістікке осы жаста жетпесең, 40-қа келіп, қамал ала алмайсың деген мақал гәп па дедім ғой. Жарайсың, керемет, бәрі үйлесімді! Осы үйде өсіңдер, өніңдер. Бақытты ғұмыр кешіңдер!» «Алла тек осы үйге береке жаудырсын. Өзіміз алғандай қуанып отырмыз», «Мынадай зәулім үйде адасып қалуға болады ғой», «Түрік байларының үйіндей», – деп жазған олар. 

Еске салайық, бұған дейін әнші Абай Бегей, жұлдызды жұп Әділ мен Дана, Асхат Тарғын және ақын Айнұр Тұрсынбаева зәулім үйін көрсеткенін хабарлаған едік. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!