«Ақниет ақпараттық-насихаттау және оңалту орталығы» қоғамдық қорының филиалы өңірімізде өз жұмысын тұрақты түрде жүргізуде. Білікті мамандарды жұмыспен қамтып отырған аталмыш қордың жұмысы қазіргі таңда өз жемісін беруде.
Осы орайда қордың Қызылорда облысы бойынша жетекшісі Ислам Каюпов «Рмазан айы» басталған уақыттан бастап жазасын өтеуші азаматтарға «Рамазан айы – құран айы» тақырыбы аясында араб тілінде құранды мәнерлеп оқу үшін таджуит ережелерін түсіндірді. Қысқа уақытта өзінің алғырлығымен «Құран кәрімді» мәнерлеп, араб тілінде оқуды үйренген жазасын өтеуші екі азамат қор жетекшісі атынан «Құран» кітапқа ие болды.
Осы ретте жаза мерзімін өтеуші азаматтар «Ақниет ақпараттық-насихаттау және оңалту орталығы» қоғамдық қорының жетекшісі Ислам Каюповқа және ҚАЖ департаментіне қарасты №60 мекемесінің инспектор теологытарына, осы шараны ұйымдастыруға себепкер болған мекеме басшылығына өз ризашылықтарын білдірді.

Адина Жомартқызы
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД №60 мекемесі

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!