«Тик-ток» үшін көпірден секірген түркістандық жастар көпшіліктен кешірім сұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға Сайрам ауданында болған. Жастардың бірі видеоға түсіріп тұрса, екіншісі көпірден секірген. Кейін бұл әрекеттерін әлеуметтік желіге жүктеген. Олардың видеодағы сөздері ақша үшін жасалғандай әсер қалдырады. Тәртіп сақшылары оқиғаның мән жайын біліп, жастардың жеке басын анықтады. Ал, әңгімелесу барысында әзіл үшін және видеоны «тик-ток» желісіне орналастыру мақсатында жасалған әрекет екендігін айтқан.

«Суға секірген жігіт жарақаттанбаған және оның денсаулығына ешқандай қауіп келмеген. Өз кезегінде тәртіп сақшылары жастарға профилактикалық түсіндірме жұмыстарын жүргізді» делінген Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Ал, жастар, өз кінәларын мойындап көпшіліктен кешірім сұрады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!