Табиғаттың тосын мінезі Қызылорда қаласы Титов 2 квартал мекенжайында орналасқан Жаңақұрылыс-4/16 үйдің шатырын ұшырып әкетті. Айта кетейік, аталған үй осыдан үш жыл бұрын ғана қайта жаңғыртудан өткен.

Тұрғындар ай сайын ақысын төлеп келе жатқан қызметті ала алмағанына наразы. «Айына қызмет ақысын төлеп келеміз. Осы кезде оннан астам отбасы шатырсыз қалдық» деп мұңын шағуда.
Ал Қызылорда қалалық тұрғын үй коммуналлдық шаруашылығы бөлімі аталған жағдайға былай деп түсініктеме берді. «Титов мөлтек ауданы Жаңақұрылыс №4/16 тұрғын үйге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Күрделі жөндеу жұмыстарына кепілдеме мерзімі екі жыл. Аталған тұрғын үйдің кепілдеме мерзімі өтіп кетуіне орай «тұрғын үй қатынастары туралы»1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабына сәйкес кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне ағымдағы және күрделі жөндеу жүргізуді қоса алғанда, оны қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету бойынша кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауды пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері, яғни, жауапты мекемемен бірлесіп тиісті шаралар қабылдау қажет екенін хабарлайды» делінген хабарламада.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!