Ел бірлігін, қоғам тыныштығын сақтайтын есіл ерлердің мерекесі бүгін. Осы тұста, ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесінің қызметкерлері сала ардагерінің шаңырағына барып, ықылас білдіруді жөн санады.

Белді қызметтің бел ортасында жүріп, абыроймен зейнетке шыққан полковник Жамуров Серікбай Қойшыбайұлы есті естелігімен бөлісті. Сананы сан саққа бөлетін сүрлеу-соқпағы кездесетінін де жасырмады. Сондай-ақ, жұдырықтай жұмылып қызмет еткен, іскер басшылар жайындағы сөзін де іркіп қалмады.

Ардагер үшін отбасы – басты тірек. Жары Ермағамбетова Роза Ідірісқызымен бірге екі ұл, екі қыз тәрбиелеп өсірген. Ұл-қызының таңдауы тастүйін болып, күрделі салаға қадам басамын дегенде қарсы болмаған.

Иә, қатардағы қызметкерден полковник шеніне дейін көтерілу – кездейсоқ жетістік емес. Бұл – отыз жылдық қызметте осалдық танытпағанның нәтижесі.
«Органда жұмыс істеген соң, қадамыңды аңдап басып, сөзіңді байқап айт», – дейді ардагер. Бұл – өмірден түйген тәжірибесінің қысқа да нұсқа формуласы.

З.Қонысжан

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!