BAQ.KZ. Францияның оңтүстік-шығысындағы Карпантра қаласында отбасылық көліктен екі және төрт жастағы екі баланың мәйіті табылды.
Прокуратураның мәліметінше, балалар көлік ішінде өлі күйінде табылған. Қазіргі уақытта қайғылы оқиғаның нақты мән-жайын анықтау үшін тергеу жүргізіліп жатыр.
Жергілікті прокурор Элен Мурждің айтуынша, оқиғаның негізгі нұсқаларының бірі – аптап ыстықтың әсері.
Өлімнің нақты себебі әлі анықталған жоқ, алайда негізгі нұсқа ретінде қатты ыстық қарастырылып отыр, – деді прокурор.
Құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтауды жалғастыруда. Сот-медициналық сараптаманың ресми қорытындысы әзірге жарияланған жоқ.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!
