Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Workout Fest-2026 фестивалі өтті. Іс-шараға 9-сынып оқушылары қатысып, Workout жобасы аясында бір жыл бойы жүргізілген жүйелі дайындықтың нәтижесін көрсетті.
Фестиваль барысында оқушылар әртүрлі жаттығулар бойынша мектеп рекордтарын жаңартты. Планка жаттығуында ұлдар арасында Алдияр Нұрсейіт 7 минут 20 секунд нәтиже көрсетсе, қыздар арасында Қаусар Егізбай 4 минут 30 секунд уақытпен үздік атанды.
Кеудені жерден көтеру (пресс) бойынша 1 минут ішінде Әділет Әбілқасым 50 рет, Бинұр Мұхамеджан 49 рет орындап, жоғары нәтижеге қол жеткізді. Отырып-тұру жаттығуында Ерасыл Жанай 156 рет, Жанел Үсенбай 118 рет қайталап, өткен жылғы көрсеткіштерден асып түсті.
Секіртпемен секіруде Жантөре Серікбай 1 минутта 122 рет, ал Бибінұр Қуаныш 193 рет жаттығу орындап, өз санатында жеңімпаз атанды. Турникке тартылу бойынша Дәулет Оразбай, ал жерден қолмен көтерілу (отжимание) жаттығуында Мадиар Ердулла мектеп рекордын орнатты.
Барлық нормативтерді жоғары деңгейде орындап, үздік нәтиже көрсеткен оқушылар мектептің Рекордтар кітабына енгізіледі.

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!