Жаңақорған жұртының тыныс-тіршілігі көпке мәлім. Тынымсыз еңбекпен тірлігіне береке енгізген мұндағы халық әлі күнге өзгелерге үлгі болып келеді. Жуырда облыстық білім басқармасыЖаңақорған ауданында пресс-тур өткізіп, БАҚ өкілдерібілім саласындағы жаңа жобалармен танысып қайтқан еді. Бүгін ғылым мен техниканы қатар ұштастырғанаудан жетістіктерін сөз етпекпіз.

Аудандағы алғашқы аялдама – Жайылмадағы №195 мектеп-гимназиясынан басталды. «Дебат және Біз» тақырыбында өткен облыстық семинар аясында «Ұшқыр ой алаңы» дебат сыныбының ашылу салтанаты өткізіліп, аудандық «Алтын ғасыр» оқушылар дебат клубы құрылды. Облыстық семинарға аудандық білім бөлімінің басшысы Болат Ибрагимов және аудандық мектептің директорлары қатысты. Семинар қатысушыларына мектептің домбыра үйірмесі өнерін көрсетіп, оқушылар президенті қонақтарға «Балалар жылына» орай жасалған оқушылар көрмесінен таныстырылым жасады.

– Ауданымызда осы кезге дейін түрлі деңгейде оқушылар арасында дебат сайыстары ұйымдастырылып, шәкірттеріміз облыстық, республикалық деңгейлердегі бәсекелерде үздік атануда. Осы тұрғыда бұл жұмыстарды одан әрі жаңғырту үшін «Алтын ғасыр» дебат клубын құрдық. Мұнда әр білім ошағында үздік деп танылған оқушылар дебат сайысына машықтанып, түрлі сайыстарда аудан абыройын қорғайтын болады, – дейді Болат Мақсұтұлы.

Жайылма ауылдық округындағы білімнің қара шаңырағы атанған мектеп бүгінде министрлік бекіткен төрт жобаны тиімді жүзеге асыруда. Соның ішінде оқушылар «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында бук-трейлерден TEDx форматында оқыған кітаптарын талдап, таныстырылым жасады. Мұнан соң «Мектеп театры» жобасы бойынша 3 сыныптың оқушыларынан құралған «Қуыршақ» театры орыс халқының «Үйшік» қойылымын қойып, қонақтарға ерекше көңіл-күй сыйлады. Шара соңында аудандық білім бөлімінің басшысы Болат Ибрагимов мектеп басшылары мен ұстаздарын аталған төрт жоба бойынша тұрақты түрде жұмыс жасауға шақырып, тәжірибе ретінде басқа білім ошақтарына таратылуы қажеттігін атап өтті.

Бүгінде Жаңақорған ауданында 4 жекеменшік мектеп жұмыс жасауда. Соның бірі –кент орталығындаөткен жылы ашылған 500 орындық Жұмаділла Өскенбайұлы атындағы дарынды балалар жеке мектебі. Бүгінде білім ордасында 51 жоғары санаттағы мұғалім 1-4 сынып бойынша 282 оқушыға білім беруде. Білім ошағында сабақтан тыс уақытта оқушылар үшін би, таэквондо, шахмат, ментальды арифметика, баскетбол секілді үйірмелер жұмыс істейді.

Кәсіптік білім беру көшінде 60 жылдық тәжірибесі барЖаңақорған аграрлы-техникалық колледжінің жас мамандарды даярлаудағы орны ерекше. Бүгінде колледждің базасы жаңа келбетке ие болып, білім беруүрдісінде жаңа сапаға көтерілген. Жаңарған білім ордасының оқу ғимараттары мен жатақханасы заман талабына сай жабдықталған. Асхана, тігін цехы, кітапхана, жаттығу залы, мәжіліс залындастуденттердің практикалық білім алуына жан-жақты жағдай жасалған.

Бүгінгі таңда колледжде 19 мамандықты оқытуға арналған жаңа оқу-техникалық құралмен жабдықталған алты шеберхана мен алты зертханада жұмыс жалғастыруда. Сондай-ақ колледж 2018 жылдан бері «Дуалды оқыту» жүйесіне көшіп, білім алушылардың теориядан гөрі тәжірибе алмасуына баса  мән беруде. Колледждегі басты жаңалық – оқу ғимараттары күрделі жөндеуден өтумен қатар «Жас маман» жобасы аясында соңғы үлгідегі технологиялармен жабдықталған. Құрылғылар тізімінде виртуалды автокөлікті басқарушы тренажер, заманауи токрлық станоктар, дәнекерлеуші құрылғылардың түр-түрі, автомеханика саласына арналған диагностика, көліктің желдеткішінің ақауларын анықтаушы, көлік моторларынының ақауын тез анықтаушы секілді халықаралық стандартқа сай заманауи әрі цифрлы технологиялар бар. Демек, колледждің оқу процесі алдағы уақытта мүлдем жаңа деңгейге көтеріледі. Сонымен қатар жаңа технологияны меңгеру үшін колледжде 27 станокты «Тігін цехы» өндіріс үшін жұмыс жасауда, яғни тігін мамандығында оқитын студенттерге оқытушылар сабақты цехта өткізіп, тігін тігу әдістерін іскерлік тұрғыда меңгертіп қана қоймай, кәсіпкерлік бағытта әр түрлі бұйымдарға тапсырыс қабылдап, жұмыс істейді. Сондай-ақ 200 адамға арналған асханада аспаз мамандығындағы студенттер бірлесе кешенді астарды дайындап, түрлі кондитерлік өнімдер шығаруда. Бұдан бөлек, кәсіптік тұрғыда шыңдайтын арнайы зертханалар бар.

Қазіргі таңда Жаңақорған ауданында үш мектеп пен балабақша құрылысы жүргізілуде. Бір ай уақыт бұрын іргетасы қаланған  Ипподром мөлтек ауданындағы 300 орындық мектепті мерзімінен бұрын биыл аяқтау жоспарлануда. Сондай-ақ, кент орталығындағы 600 орындық №169 орта мектеп құрылысы бітуге жақын. Ал Жаманбай батыр ауылында 90 орындық балабақша құрылысы басталады деп күтілуде.

Г.ЖҰМАДИН