Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мекемесінде «Сотталғандарды кепілге алу және қашу кезіндегі жеке құрамның әрекеті» тақырыбы бойынша арнайы-тактикалық оқу-жаттығу шарасы өткізілді.

Оқу жаттығудың негізгі мақсаты: мекеменің жеке құрамын төтенше жағдайларды кесіп өту үшін шебер және шешуші іс-қимылдарға үйрету, әртүрлі жағдайларда қызметтік міндеттерді орындау кезінде жауынгерлік тәртіп элементтерін пысықтау, сондай-ақ жедел іс-шараларды ұйымдастыруда жедел штаб мүшелері мен жеке құрамының дағдыларын жетілдіру және қызметтік-жауынгерлік міндеттерді орындау кезінде мекеменің басшы құрамына практикалық көмек көрсету болып табылады.

Оқу-жаттығу барысында тактикалық әдістер пысықталып, жеке құрамды жылдамдыққа, төзімділікке, тапқырлыққа және жергілікті жерге бағдарлауға жаттықтыру жүргізілді. Әр қызметкер кез-келген жағдайда жұмысқа дайын болу үшін өзінің кәсібилігін жоғары деңгейде ұстауы керек.

Мұндай жаттығулар қызметтік даярлықтың ажырамас бөлігі болып табылады, – деп атап өтті режим және күзет бөлімінің бастығы әділет майоры А.Төребеков.

Өткізілген тактикалық-арнайы оқу -жаттығулардың соңында басшылар тарапынан іс-шара барысы зерделеніп, қорытындысы шығарылды.Қорытынды бойынша № 68 мемлекеттік мекемесінің жеке құрамының кәсіби даярлығы оң нәтижие берді деп бағаланды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!