Ауыл тұрғындары алапат өрт кезінде Успенка орман шаруашылығының басшысы болған Мейрамгүл Жиенбаеваның өрт тұтанған сәттен бастап дабыл қаққанын жеткізді. Massaget.kz тілшісі марқұмның құрбысымен сұхбаттасты. 

«Филиал басшылығы бірінің артына бірі тығылып, кабинеттерінде жүріп күні бойы түк те істеген жоқ. Содан кейін марқұм Мейрамгүл қоңырау шалып, «7 шақырым қалды, 2 шақырым қалды» деп қайта-қайта дабыл қақты. Соңғы рет байланысқа шыққан кезде төбеден келетін өрттің ортасында қалғанын хабарлады», – деді Успенка ауылының тұрғыны Шолпан Кенжебаева.

Марқұмның артында күйеуі, 15 жастағы ұлы мен 5 жастағы қызы қалды.

Мейрамгүлдің құрбысы Шолпан оның жүкті болғанын айтты. Бородулиха ауданы бойынша бас дәрігер Айжан Амангелді жүктілігіне байланысты Мейрамгүлдің тіркеуге тұрып үлгермегенін, ондай ақпарат жоғын айтты.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!