Жолаушы тасымалдайтын екі автобус 22 маусымда сағат 08:00 шамасында Амандосов көшесінде соқтығысқан, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Атырау облысы Полиция департаментінің хабарлауынша, Yutong маркалы автобустың тежегіш жүйесі істен шыққан. Көлікті тоқтата алмаған жүргізуші жол жиегінде тұрған дәл сондай маркалы басқа автобусқа соғылған.
«Жол-көлік оқиғасы салдарынан әртүрлі дене жарақатын алған 6 жолаушы облыстық ауруханаға жеткізілді. Қазір аталған дерек бойынша тиісті материалдар жинақталып жатыр», – деп хабарлады полициядан.
Апаттың мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!
