Халықаралық конькишілер одағының (ISU) шешімімен Астана 2027 жылы мәнерлеп сырғанаудан төрт құрлық чемпионатын өткізетін қала ретінде ресми түрде бекітілді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.
Жарыс 2027 жылы 9-14 ақпан аралығында өтеді. Астанаға Азия, Америка, Африка және Мұхит аймағының үздік мәнерлеп сырғанаушылары жиналады.
Турнирді өткізу Қазақстан үшін де, мәнерлеп сырғанаудың жаһандық дамуы үшін де маңызды оқиға болмақ.
Бұған 2026 жылы ақпанда Милан мен Кортина-д’Ампеццода өткен қысқы Олимпиада ойындарында Михаил Шайдоров ерлер арасындағы жекелей сында тарихи алтын медаль жеңіп алуы да үлкен әсер еткен.
Айта кетейік, бұған дейін еліміз 2011 жылғы қысқы Азия ойындарын және 2017 жылғы қысқы Универсиаданы жоғары деңгейде өткізген болатын.
«Қазақстанда алғаш рет мәнерлеп сырғанаудан төрт құрлық чемпионатын өткізетінімізге қуаныштымыз. Бұл – Орталық Азиядағы жанкүйерлер үшін әлемдік деңгейдегі жарысты өз көзімен көріп, сүйікті спортшыларын қолдауға тамаша мүмкіндік», – деді ISU президенті Ким Джэ Ёль.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!
