Тоқты

Ерекше сыншылдығыңызбен көзге түсесіз. Жібер­ген қателіктеріңізді мойындап, бірден шешу жолдарын ұсыныңыз. Осылайша жеке өміріңізде беделіңіз артып, мақсатыңызға жетесіз.

Торпақ

Бақталастардың қарсылығына тап боласыз. Бі­рақ қиындықты оңай шешесіз. Құдды жаныңызда періште көмектесіп жүргендей әсерде боласыз. Достарыңызбен көңілді кешке барып, өзіңізге жаңа өмірдің есігін ашасыз.

Егіз

Жеке өміріңізге көп көңіл бөліңіз. Көп уақытты отбасыңызбен өткізіңіз. Ақшаны онды-солды жұмсай бермеңіз. Жақсы ұсыныс түскелі тұр. Байлыққа кенелгіңіз келсе, одан бас тартпаңыз.

Шаян

Апта жаңа әрі ерекше істің жүзеге асуына көмекте­седі. Алайда негізгі жұмысыңызбен айналысуды ұмы­тып кетпеңіз. Сізді көп сыйлық күтіп тұр. Жеке өмі­ріңізде де өзгерістер болады.

Арыстан

Жолы болғыш бұл жандар кез келген іспен қуана айналысады. Ал жеке өмірде ашулану, еркелеу сынды мінезден аулақ болыңыз. Айналаңыздағылардың пікіріне қосылуға міндетті емессіз. Бастысы, қолыңыз­дан көп іс келетініне өзгеден бұрын өзіңіз сеніңіз.

Бикеш

Табиғат аясында серуендеуіңізге болады. Өзіңізге жараспайтын әрекеттер жасаудан сақтаныңыз. Шы­дам­дылық танытсаңыз, мақсатыңызға оңай қол жеткі­зесіз. Әзірге ең құнды идеяңызды ешкімге айтпа­ға­ныңыз жөн.

Таразы

Сіздің мейірімділігіңіз өзгелерге күн нұрындай шашылады. Өзіңіз де жаныңызға жылу сыйлайтын жанмен жолығасыз. Аптада сүйіктіңіздің сізден не жасырып жүргенін білуге тырысыңыз.

Сарышаян

Бір істі оңай орындай алсаңыз, қуаныңыз. Жақындардың сөзіне құлақ асыңыз. Жоспарыңыздың жүзеге асуы сол адамдарға тікелей байланысты болмақ. Жаңа іспен айналысудан бас тартпаңыз. Алдыңызда тек жақсы күн күтіп тұр. 

Мерген

Апта ертегідегідей таңғажайыпқа толы болады. Алайда барлығы сіз ойлағандай емес. Сіз сүйіктіңізбен жай ғана ренжістім деп жүрген кезде ол айырылысу туралы шешім қабылдауы мүмкін. Көзден кетсе көңілден де кетеді демекші, сізді достарыңыз да ұмытып кетуі мүмкін. Сондықтан олардың қал-жағдайын жиі сұрап тұрыңыз.

Тауешкі

Аптада энергияңызды көп шығындайсыз. Айнала­ңыздағылар жоспарыңыздың жүзеге асуына біраз кедергі жасайды. Уақытыңызды тек өзіңізге жұмсаңыз. Мұнымен қатар өзіңіз де өзгелердің қатесін есіне салмаңыз.

Суқұйғыш

Апта көп іске нүкте қоюға себепші болады. Көп мүмкіндікті жіберіп алғаныңыз үшін өкінбеңіз. Өткенді өзгерту қолыңыздан келмесе де, оған деген көзқарасыңызды өзгерте аласыз. Ақылды емес, жүрегіңізді тыңдаңыз. Сонда ғана жаңа мүмкін­дік­тер­ге жол ашылады.

Балық

Жаңа мүмкіндікті жіберіп алмаңыз. Осы апта сізге тиімді болмақ. Жұмыста беделіңіз артады. Дегенмен берілген тапсырмаға жауапкершілікпен қараңыз.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!