Қызылорда облыстық «Ақмешіт жастары» газеті Тәуел­сіздіктің 30 жылдық мерекесіне орай жас ғалымдар ара­сын­да Темірбек Жүргенов атындағы сыйлық үшін “Ғылым жолында” атты байқау жа­рия­­лайды.
Жалпы ережелер
Байқаудың мақсаты мен міндеті:
‒ Жас ғалымдарды ынталандару, шығармашыл жастарды насихаттау;
Байқаудың талаптары:
‒ Байқауға 18-35 жас аралығындағы жас ғалымдар қатыса алады.
‒ Байқауға ұсынылған материалдар кері қайтарылмайды.
Байқауды ұйымдастыру және өткізу тәртібі, мерзімі:
‒ Байқауға қатысушы үміткер өзі туралы қысқаша мәліметті және еркін тақырыпта жазылған ғылыми мақаласын aqmeshit.jastary@gmail.com поштасына жолдауы қажет немесе төменде көрсетілген редакция мекен-жайына қалдыруына болады. Байқау материалдарын қабылдау 1 қарашаға дейін жалғасады.
‒ Ғалымдардың жұмысын бағалау және жеңімпазды анықтау үшін кеңес құрылады.
Редакцияның мекен-жайы:
120018 Қызылорда қаласы, Бейбарыс Сұлтан көшесі, 4А
Байланыс телефондары: 8 (7242) 40-11-10

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!