Фото: t.me/KZgovernment

Әлихан Смайылов Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының төрағасы лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасап KAZ.NUR.KZ.

«Мемлекет басшысының жарлығымен Әлихан Смайылов Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының Төрағасы лауазымына тағайындалды», – делінген Ақорда хабарында.

Бұған дейін бұл қызметте Наталья Годунова болған.

Еске салайық, 2022 жылдың қаңтарынан 2024 жылдың ақпанына дейін Әлихан Смайылов Қазақстан премьер-министрі қызметін атқарды. 6 ақпанда ел үкіметі отставкаға кетті.

Әлихан Смайылов 1972 жылы дүниеге келген. 1994 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін «қолданбалы математика» мамандығы бойынша тәмамдаған. 1996 жылы ҚР Президенті жанындағы Қазақстан менеджмент, экономика және болжамдау институтының мемлекеттік басқару магистрі дәрежесіне ие болды.

1993–1999 жылдары — «А-Инвест» инвестициялық–жекешелендіру қорының бас маманы; бөлім басшысының орынбасары, ҚР Ұлттық статистика агенттігінің басқарма басшысы; ҚР Статистикалық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің Статистика және талдау комитеті төрағасының орынбасары; бас сарапшы, экономика секторының меңгерушісі, ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болып қызмет атқарған.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!