Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі

Жиынға ҚР Су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі Нұрлан Алдамжаров қатысты. Ол өз сөзінде Қазақстан мен Ресейдің трансшекаралық су нысандарын пайдалану және қорғау саласындағы ынтымақтастығының даму барысы туралы айтты, – деп хабарлайды KAZINFORM.

Сессияда спикерлер Қазақстан мен Ресейдің қоршаған ортаны қорғау саласындағы өзара іс-қимылы, Ертіс өзені бассейнінің экожүйесін сақтау шаралары, Ертіс пен Жайық өзендері бассейндерінде гидрологиялық зерттеулер жүргізу, сондай-ақ климаттың өзгеруінің трансшекаралық өзендердің су молдығына әсері мәселелерін талқылады.

Панельдік сессияның мақсаты — Ертіс өзенін қорғау, экологиялық мониторинг жүргізу және су ресурстарын ұтымды пайдалану бағыттарындағы Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығының басым бағыттары бойынша ортақ түсінік қалыптастыру.

— Ертіс өзені бойынша ведомствоаралық жұмыс топтары аясында уәкілетті органдардың алдағы уақытта да сындарлы жұмысы екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға және трансшекаралық су ресурстарын басқару тетіктерін жетілдіруге ықпал етеді деп сенеміз, — деді Су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі Нұрлан Алдамжаров. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!