Жақында Мемлекет басшысы саяси жүйеге түбегейлі өзгерістер пен толықтырулар енгізу үшін референдум өткізуді ұсынған болатын. Референдумның негізгі мақсаты – ашықтық және халықпен кері байланыс орнату. Ал мемлекеттің басты байлығы – халқы және олардың бейбіт өмірі десек, мұндай қадамның маңызы зор.

Осы орайда Президенттің Жаңа Қазақстанды халық пікірінсіз құру мүмкін емесін айтуы да тегін емес. Себебі күрделі мәселеде соңғы сөзді халықтың өзіне қалдыру елдегі үлкен өзгерістердің бастауы болса керек. Сонда ғана Жаңа Қазақстанды бірге өркендетуге, әр азаматтың әділ әрі дамыған мемлекетті қалыптасыруына жол ашылады.

Бүгінде кең көлемді саяси науқан жүргізіліп, Жолдауда көтерілген мәселелер республикалық референдумға жалғасуы сөзіміздің дәлелі болары анық.

Әбілда БАЯКЕЕВ,

Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі ММ бастығының орынбасары

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!