Дәулет Мұқаев сұхбат беруде. Видеодан кадр: Youtube/Jibek Joly TV

Отандық танымал блогер әрі мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев жаңа қызметі жайлы сөз қозғап, жалақысы қандай екенін айтты. Ол депутат болғалы табысы азайып қалғанын алға тартты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Дәулет Мұқаев бүгінде депутат ретінде қанша жалақы алатынын ашық айтты. Ол блогер болған кезімен салыстырмалы түрде аз ақша алатынын мойындады.

«Депутат болғалы ақшам азайып қалды. Блогер болған кезде біз командамен жұмыс істедік. Сатылым болды. Неше түрлі сабақтар, курстар бердік. Ол жасырын дүние емес. Табысымыз жақсы болды. Ал қазір менің таза қолға алатыным 750-800 мыңның арасы», -деді ол «Мархабат» бағдарламасында.

Сондай-ақ Мұқаев депутат ретінде қандай жұмыс атқаратынын да айтып өтті.

«Депуттар арасында бөлекпін деп мақтанып қалайын. Менде жеке мандат. Бұл жерде мен фракцияға тіркелмегенмін. Мені Астана сайлады. Сарыарқа мен Есіл ауданы сайлады. Кейде маған бүкіл Қазақстанның проблемасы келіп жатады. Бірақ түптеп келгенде маған басқа аймақтың проблемасы керек емес. Өйткені менің сайлаушыларым Астанада отыр. Сөздің ашығына келгенде мен сол Сарыарқа мен Есіл ауданының проблемасын шешуім керек. Бірақ Қазақстанның проблемасы бүкіл халықтың проблемасы болғаннан кейін шамам келгенше көмектесуге тырысамын», – деді Дәулет Мұқаев.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!