Қызылорда қаласының Сол жағалауында ҚР Президенттінің сайлауы жергілікті уақытпен 07.00-де басталды. №372 сайлау учаскесінде Гимн орындалып, саяси науқан салтанатты түрде ашылды. Дауыс берушілер белсенділік танытып, саяси науқанға атсалысты. Олардың қатарында алғаш болып дауыс берген Лидия Әбдіхалыққызы да бар.

«Елдегі саяси науқанға өз үлесімді қосу — азаматтық борышым. Елдегі саяси өзгерістерді үнемі бақылап отырамын. Мемлекеттің оң бағытта дамып келе жатқанын сезген сәтте кеудені шаттық кернейді. Себебі елдің дамуы болашақ ұрпақтың өмірін жарқын етері сөзсіз. Сайлауға келгендегі мақсатым да сол жарқын болашақты қалыптастыруға үлес қосу еді», — дейді Л.Әбдіхалыққызы.