Қазақстан мен Өзбекстан ортақ шекараны демаркациялау жобасын мақұлдады. Бұл туралы Қазақстан сыртқы істер министрлігі хабарлады.

25 шілде мен 5 тамыз аралығында Алматыда қазақ-өзбек үкіметтері делегациясының кезекті отырысы өткен. Сол жиында екі ел арасындағы мемлекеттік шекараны демаркациялау жобасы бекітілді.

«Келіссөз барысында тараптар Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасын шегендеу туралы шарт жобасының мәтінін келісуді және шекараны демаркациялаудың қорытынды құжаттары жобаларының пакетін қалыптастыруды аяқтады» деп жазылған СІМ хабарламасында.

Келесі кездесу Өзбекстанда өтеді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!