Фото: primeminister.kz

2024 жылдың 20 ақпанындағы жағдай бойынша Қазақстандағы министрлердің орташа жасы 49,9 жас екені анықталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Ranking.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ең үлкені – экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нұралыұлы Нысанбаев, 62,5 жаста. Екінші және үшінші орындарды қорғаныс министрі Руслан Фатихұлы Жақсылықов (58 жас) және ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сейпілұлы Сапаров (57,7 жас) иеленді.

Ең жас министр – Марат Кәрімжанұлы Қарабаев, ол небәрі 36,6 жаста. Жас министрлердің алғашқы үштігінде төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Сайранұлы Әрінов (40,3 жас) және цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Батырбекұлы Мусин (41 жас) де бар.

ЕАЭО елдері министрлерінің ішінде бес елдің министрлерінің орташа жасы 50,9 жас. Қазақстанда 21 министрдің 10-ының жасы осы орташадан жоғары.

Армения министрлер кабинетін ЕАЭО елдеріндегі министрлердің ең жас құрамы деп санауға болады: 40,9 жас. «Ең ескі» құрам – Ресей министрлері. Олардың орташа жасы 55,1 жас. Қырғызстанда министрлердің орташа жасы 52,6 жасты, Беларусьте 51,6 жас.

ЕАЭО елдеріндегі ең қарт Ресейде. Мсыалы, сыртқы істер министрі Сергей Викторович Лавров 73,9 жаста. Ең жасы Арменияның жоғары технологиялық өнеркәсіп министрі – 33,8 жастағы Мхитар Айрапетян.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!