Фото: Magnific.com
2026 жылы қазақстандықтар визасыз бара алатын елдердің тізімі тағы кеңейді. Кейінгі екі жылда Қазақстан бірнеше танымал бағыт бойынша жаңа келісімдер жасап, кіру шарттарын жаңартты. Негізгі өзгерістер қатарында Мароккомен визасыз режимнің іске қосылуы, Арменияға сапарға қатысты жаңа ережелер, сондай-ақ бірқатар елде болу мерзімдерінің жаңартылуы бар. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Басты жаңалықтардың бірі – Мароккомен визасыз режимнің ресми түрде іске қосылуы. Екі ел арасындағы келісім 2025 жылғы 19 наурызда күшіне енді және 2026 жылы да қолданыста болады.
Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, екі елдің азаматтары әр алты ай сайын екінші мемлекеттің аумағында 30 күнтізбелік күнге дейін визасыз бола алады. Енді қазақстандықтар Марракеш, Касабланка, Фес және Марокконың басқа да қалаларына визасыз бара алады.
Тағы бір маңызды өзгеріс Оманға қатысты. Бұған дейін визасыз болу мерзімі 14 күн болса, енді ол 30 күнге дейін ұзартылды.
“Оман Сұлтанатының Сыртқы істер министрлігі ұлттық паспорттары бар Қазақстан азаматтары үшін визасыз режим мерзімін ұзартқанын хабарлады. Енді Қазақстан азаматтары Оман аумағында 30 күнге дейін бола алады”, – деп мәлімдеді СІМ.
Сонымен қатар визасыз режим жұмыс істеуге, оқуға және тұрақты тұруға қолданылмайды.
Бұдан бөлек, Қазақстан мен Армения азаматтардың болу тәртібіне қатысты жаңа ережелер бойынша келісімге келді. Енді екі елдің азаматтары 90 күнге дейін визасыз сапарлай алады. Ішкі істер министрі Ержан Саденовтің айтуынша, 30 күннен ұзақ болған жағдайда азаматтар ішкі істер органдарында тіркелуі керек.
Сондай-ақ Қазақстан Түрікменстанмен визасыз режим енгізу мәселесін талқылап жатыр.
Қазақстандықтар 2026 жылы қай елдерге визасыз бара алады?
14 күнге дейін
Қазақстандықтар Гонконгқа, Иранға және Макаоға екі аптаға дейін визасыз бара алады.
30 күнге дейін
Ең үлкен санат – қазақстандықтар бір айға дейін визасыз демала алатын бағыттар. Олардың арасында танымал туристік елдер де, көпшілік жиі бара бермейтін бағыттар да бар.
Бұл тізімге кіреді:
- Аргентина;
- Бразилия;
- Вьетнам;
- Катар;
- Қытай;
- Малайзия – елге кіру үшін электронды көші-қон картасы MDAC қажет, оны кіруге дейін ең көбі 3 күн бұрын толтыруға болады;
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!