Фото:  Stan.kz 

Америкалық танымал әнші Akon Алматыға келді. Оны әуежайдан әріптестері мен жанкүйерлері күтіп алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Ол Алматы арена спорт кешенінде концерт қояды.

“Ассалаумағалейкум! Сіздерді 15 желтоқсан күні Алматы аренада күтемін. Одан кейін 18 желтоқсан Астана қаласындағы Конгресс-Холлда кездесеміз”, – деді әншінің өзі. 

Akon-ның Алматыға келгені туралы жазба түстен кейін пайда болды. Әртісті және оның командасын джембада (африкалық барабандар) аспабын ұрып жатқан музыканттар тобы қарсы алды. Әнші де ризашылығын білдірген. 

Сондай-ақ, әншінің тыңдармандары да елге келгеніне қуанып, жарыса видеосын жүктеп жатыр. 8 миллионнан астам оқырманы бар әнші барлығын өз парақшасында бөлісіп жатыр. 

Еске салайық, таяуда елімізге америкалық рэпер, әнші 50cent келгені болатын.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!