Әнші Алтынай Жорабаеваның отбасында қуанышты жаңалықты әлеуметтік желіде жариялады, – деп жазды Aikyn.kz.

Өнер иесі екінші қызын ұзатып жатыр. Әлеуметтік желіде әнші қызының құдалығынан кейін құдаларынан келген сый-сияпаттарды көрсетті. 

Бейнежазбадан құдалардың қалыңмал ретінде 15 миллион теңге табыстағаны көрінеді. Сонымен қатар әншінің өзі мен жақын туыстарына бағалы сый жасаған.

“Жаңа құдаларымыздың ақ ниетпен алып келген сый-сияпаттары. Әкелген әрбір тартуына шын жүректен алғыс айтамыз. Береке-бірлігіміз арта берсін!” – деп жазды әнші.

Бұл көрініс әлеуметтік желіде талқыға түсті.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!