Фото: Instagram/tattti_kyz

Төреғали Төреәлінің кіші қарындасы Дина бірнеше ай бұрын ана атанған болатын. Дина Төреәлі Instagram парақшасында ұлының есімін жария етті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

«Еркінбек Ерманби Ернарұлы», – деп жазды әншінің қарындасы.

Сонымен қатар ол жаңа түскен сәбиімен сурет жариялады.

Желі қолданушылары жаңа туған сәбидің есімінің ерекше екенін жарыса жазуда.

«Нағашысы – ТТТ, өзі – ЕЕЕ», «Бауы берік болсын», «Өмір жасы ұзақ болсын», «Есімі ерекше екен», – деп жазды желідегілер. /

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!