Фото: instagram.com/theaacademybcn/ҚФФ

Қазақстандық футболшы Кәрім Меңдіқанов UEFA U-16 Development Tournament турниріне қатысу үшін U-16 құрамасына шақырту алды. Жақында ол еліміздің «Барселона» жүйесіндегі алғашқы өкілі атанды, деп хабарлайды Tengri Sport ҚФФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

15 жастағы ойыншы Шымкентте 25-30 сәуір аралығында өтетін турнирде Пәкістан, Әзербайжан және Ресей командаларына қарсы ойнайды.

Қазақстан футбол федерациясының Tengri Sport сауалына берген жауабына сәйкес, бұл Меңдіқанов үшін кез келген деңгейдегі Қазақстан құрамасына алғашқы шақырту.

Айта кетейік, қазіргі уақытта испаниялық «Сан-Кугатта» ойнайтын қазақстандық құрама сапындағы жалғыз «легионер» емес. Шабуыл тобындағы ойыншылар ішінен «Магдебург» (Германия) сапынан Абдулла Бәпішев те шақырту алды.

Кәрім Меңдіқановтың Қазақстан құрамасы сапындағы дебюті 25 сәуірде Пәкістанға қарсы ойында өтуі мүмкін. Одан кейін 27 сәуірде Әзербайжанмен, ал 30-ында Ресеймен матч жоспарланған.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!