Фото: ҰОК

KAZINFORM — Алматыда үстел теннисінен WTT Youth Contender сериясындағы ірі халықаралық турнир өтіп жатыр.

Жарыста Қазақстан құрамасы алғашқы медаліне қол жеткізді.

15 жасқа дейінгілер арасындағы аралас жұптық сында Олег Яковлев пен Мария Лукьянова қола жүлдеге ие болды.
Турнир барысында отандық спортшылар Өзбекстан, Оңтүстік Корея және Малайзия өкілдерін жеңді. Ал жартылай финалда Үндістан құрамасына жол беріп, үшінші орынға ие болды. 

Айта кетелік Қазақстан командасы пенчак силаттан Азия чемпионатында 18 медаль жеңіп алды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!