Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Қытайдың Ордос қаласында өтіп жатқан дзюдодан Азия чемпионатының үшінші жарыс күнінде Қазақстан құрамасының қоржыны қола медальмен толықты, – деп хабарлайды KAZINFORM ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жұбаныш кезеңі арқылы үшінші орын үшін таласқа түскен Айдар Арапов (-90 кг) Ханчжоуда өткен Азия ойындарының чемпионы Эрлан Шеровты (Қырғызстан) жеңді.

Қазіргі уақытта Ұлттық құраманың еншісінде құрлық біріншілігінде бір алтын және үш қола медаль бар. Қазақстан жалпыкомандалық есепте 4-орында келеді.

Санаулы сәттерден кейін қола жүлде үшін Аруна Жангельдина сынға түседі.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!