Бұл топтағы бірінші ойын Англия мен Хорватия құрамалары арасында өтті. Ал екінші кездесуде Хорватия құрамасы Шотландияны ірі есеппен жеңді.
Лондондағы Уэмбли стадионында өткен бұл ойын 1:0 есебімен Англия құрамасының пайдасына аяқталды. Кездесудегі жалғыз голды 12 минутта Рахим Стерлинг соқты.
Ал Глазго қаласындағы Хэмпден Парк стадионында өткен ойын 1:3 есебімен Хорватия құрамасының пайдасына аяқталды. Қонақтардың сапында Никола Влашич (17-ші минут), Лука Модрич (62) және Иван Перишич (74) гол соқса, Шотландия құрамасында Каллум Макгрегор (42-ші минут) көзге түсті.
Осылайша, Англия құрамасы үш ойыннан кейін 7 ұпай жинап, бірінші орынмен плей-офф кезеңіне шықты.
Чехия құрамасының еншісінде 4 ұпай. Хорватия ұлттық құрамасында да 4 ұпай. Бірақ екінші орынға Хорватия жайғасты. Себебі олар көбірек гол соқты. Дегенмен Чехия құрамасы үшінші орынмен плей-офф кезеңіне шығуы мүмкін. Ол үшін бұл ұжым қалған топтардағы ойындардың нәтижесін күтеді. Бір ұпай жинаған Шотландия құрамасы соңғы орында.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!