Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі

Қытайдың Цзуньи қаласында спорттық гимнастикадан 13-ші Азия чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды KAZINFORM Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасай.

Бүгін Қазақстан Ұлттық командасының спортшысы Дмитрий Патанин еркін жаттығудың финалында бақ сынады. Ол 13.700 ұпай жинап, 8-орынға тұрақтады.

Жүлдегерлер: ​

1-орын — Карлос Юло — 14.700 ұпай

2-орын — Сема Цукияма — 14.600

3-орын — К. Джунир Юло — 14.300 ​

Сонымен қатар, Қазақстан жасөспірімдер командасының өкілі Артём Ковалёв кермедегі жаттығулар финалында жүлдеге таласты. Спортшымыз 11.266 ұпаймен 8-сатыға тұрақтады.

Биылғы құрлық додасының маңызы зор, өйткені бұл жарыс 2026 жылы Нагояда (Жапония) өтетін ХХ Азия ойындарына іріктеу мен дайындықтың басты кезеңдерінің бірі саналады. ​

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!