KAZINFORM — Қытайдың Гуйян қаласында өтіп жатқан Әлем кубогында бүгін, 20 маусымда Абылайхан Жүсіпов (70 келі) жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды.

Әлем чемпионы, 70 келіде ең тәжірибелі боксшы саналатын Абылайхан Жүсіпов жартылай финалда биылғы Азия чемпионы Зейад Ишаишпен (Иордания) жұдырықтасты.

Жекпе-жектің екінші раундында дәрігер қарсыластың жарақатына байланысты жекпе-жекті тоқтатып, жеңісті отандасымызға берді.

Айта кетсек, бұдан бұрын ел құрамасынан Назым Қызайбай (54 келі), Виктория Графеева (60 келі) финалға шықты.

Айта кетсек, бүгін ел құрамасы тағы да қазақстандық боксшылар шаршы алаңға шығады. Олардың қатарында Дина Исламбекова (80 келіден жоғары), Валерия Аксенова (80 келі), Санжар Тәшкенбай (50 келі), Аида Әбікеева (65 келі), Айбек Оралбай (90 келі) ел намысын қорғайды.

Айта кетсек, Жарыстың аталған сатысында Өзбекстан 11, Қытай — 9, Қазақстан мен Франция — 8 үздігіне үміт артса, одан кейінгі орындарда Үндістан мен Польша — 6, 󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿Англия мен Бразилия — 4, Әзербайжан мен Италия — 3, АҚШ, Болгария, Оңтүстік Корея, Иордания, Испания — 2 спортшысына сенім білдіреді.

Ал жартылай финалда Аустралия, Германия, Канада, Иран, Мексика, Тайпей, Таиланд және Молдовадан 1 былғары қолғап шебері шаршы алаңға шығады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!