Фото: Қазақстанның бокс федерациясы

Бүгін бокстан Әзербайжан астанасы Бакуде дәстүрлі халықаралық «Ұлы Жібек жолы» турнир басталады, – деп хабарлайды Kazinform ақпараттық агенттігі.

Халықаралық турнирде 11 елден келген 121 боксшы сынға түседі. Олардың арасында Қазақстан, Әзербайжан, Өзбекстан, Ресей, Польша, Қырғызстан, Тәжікстан, Иран, Италия, Пәкістан және Венгрия боксшылары бар.

Ел құрамасын турнирге Қамшыбек Қоңқабаев (92 келіден жоғары) бастап барады.

Сондай-ақ, жарыста Теміртас Жүсіпов (48 келі), Дамир Әбдіқадыр (51 келі), Тимур Қабешов (54 келі), Талғат Сырымбетов (60 келі), Серік Теміржанов (63,5 келі), Бақтияр Смағұлов (67 келі), Дархан Дүйсебай (71 келі), Тимур Нұрсейітов (75 келі), Бекзат Таңатар (86 келі), Сағындык Тоғамбай (92 келі) шаршы алаңға шығады.

Дәстүрлі турнир бес күнге созылады.

Еске салсақ, бұдан бұрын қазақстандық боксшылар Литвадағы халықаралық турнирде 6 алтын жеңіп алды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!