Циклон мен атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райы құбылмалы болады, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Елдің қалған бөлігінде антициклон ықпалынан жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Республиканың басым бөлігінде өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.

Астанада құбылмалы бұлтты, күннің екінші жартысында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +10…+12°C, күндіз +25…+27°C.

Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +12…+14°C, күндіз +22…+24°C.

Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +12…+14°C, күндіз +25…+27°C.

Ақтөбеде бұлтты, түнде жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде +10…+12°C, күндіз +17…+19°C.

Ақтауда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Ауа температурасы түнде +10…+12°C, күндіз +17…+19°C.

Атырауда бұлтты, күндіз жаңбыр, найзағай болады. Ауа температурасы түнде +11…+13°C, күндіз +23…+25°C.

Жезқазғанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +13…+15°C, күндіз +26…+27°C.

Қарағандыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +8…+10°C, күндіз +23…+25°C.

Көкшетауда құбылмалы бұлтты, күндіз жаңбыр жауады. Жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +13…+15°C, күндіз +22…+24°C.

Қонаевта құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +11…+13°C, күндіз +24…+26°C.

Қостанайда бұлтты, түнде және таңертең жаңбыр, найзағай болады. Ауа температурасы түнде +9…+11°C, күндіз +17…+19°C.

Қызылордада құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +14…+16°C, күндіз +29…+31°C.

Павлодарда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +10…+12°C, күндіз +25…+27°C.

Петропавлда бұлтты, жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, дауыл, екпінді жел күтіледі. Ауа температурасы түнде +10…+12°C, күндіз +16…+18°C.

Семейде аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +4…+6°C, күндіз +23…+25°C.

Талдықорғанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +4…+6°C, күндіз +23…+25°C.

Таразда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +11…+13°C, күндіз +25…+27°C.

Түркістанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +14…+16°C, күндіз +27…+29°C.

Оралда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +5…+7°C, күндіз +20…+22°C.

Өскеменде аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +2…+4°C, күндіз +22…+24°C.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!