Іnbusiness.kz. Кездесу барысында қазақстандық хоккейшілер жинақы қимыл көрсетті. Дегенмен бірінші кезеңде қарсыластар бір-бірінің қақпасынан саңылау таба алған жоқ.

Екінші кезеңде отандастарымыз жапониялық қақпашыны үш мәрте қапы қалдырды. Үшінші кезеңде де қазақстандық хоккейшілер тағы үш мәрте көзге түсті.

Қазақстан – Жапония 6:0 (0:0, 3:0, 3:0)

1:0 – Қайыржан (Гатиятов, Өмірбеков) – 22:11

2:0 – Шайхмедденов (Гатиятов) – 27:56

3:0 – Бреус (Гатиятов, Әсетов) – 33:13

4:0 – Әсетов (Данияр, Шестаков) – 53:40 ГБ

5:0 – Старченко (Мұратов, Шестаков) – 55:50

6:0 – Ляпунов (Өмірбеков, Қайыржан) – 56:26

Осылайша Қазақстан құрамасы қарсыласынан 6:0 есебімен басым түсті.

Айта кетейік, екі құрама қазірге дейін 12 мәрте кездесіп, барлығында отандастарымыз жеңіске жетті.

Енді Қазақстан құрамасы алда үш ойын өткізеді. Алдымен 5 мамырда Қазақстан уақытымен 22:30-да Польшамен кездессе, 7 мамырда 19:00-да Украина, 8 мамырда 15:30-да Франциямен шеберлік байқасады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!