Қазақстан – Сан-Марино матчы. Фото: Ақорда

Бүгін, 17 қарашада Eуро-2024 турниріне іріктеу кезеңі аясында Қазақстан құрамасы өз алаңында Сан-Марино командасын қабылдады. «Астана Аренада» өткен кездесуде отандастарымыз 3:1 есебімен жеңіске жетті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Магомед Адиевтің ойыншылары мачтың алғашқы таймын сенімді бастады. Ойынның 19-минутында жартылай қорғаушы Ислам Чесноков есеп ашып, кейін 51-минутта дубль жасады.

Қарсылас команда сапынан Франчози жалғыз голдың авторы атанды. Ол ойынның 60-минутында Қазақстан ұлттық құрамасының қақпасына гол соғып, есеп қысқартты. Алайда екінші таймның соңында шабуылшы Абат Айымбетов пенальтиді сәтті орындап, ойынның нүктесін (3:1) қойды.

Бүгінгі матчты тамашалау үшін стадионға 30 100 жанкүйер жиналды.

Айта кетейік, футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Сан-Сариноны жеңіп, Н тобында 18 ұпай жинады. Еуропа чемпионатына жолдама тағдыры соңғы турдағы Словения – Қазақстан матчында шешіледі. 

Айта кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан – Сан-Марино» матчын көруге «Астана Арена» стадионына келді. Сонымен қатар Қазақстан футбол федерациясы Сан-Марино құрамасына қарсы ойынды бастайтын футболшылардың тізімін жариялағанын жазған едік.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!