Фото: ҚТФ
Қазақстан құрамасының мүшесі, әлемнің 738-ракеткасы Соня Жиенбаева Оренсе (Испания) ITF W75 турнирінің финалында ойнады, – деп хабарлайды KAZINFORM.
Қазақстандық теннисші соңғы бәсекеде әлемнің 442-ракеткасы, болгариялық Изабелла Шиниковамен чемпиондық атақты сарапқа салды.
Бірінші партияда С.Жиенбаева тай-брейкте табандылық танытты – 7:6 (7:2).
Екіншісінде болгариялық спортшы есе қайырды – 6:3.
Үшінші, шешуші сетте Соня 5:0 есебімен алға кетті. Ақыры матчты жеңіспен түйіндеді – 6:1. Тартысты бәсеке 1 сағат 51 минутқа созылды.
Осы титулы нәтижесінде Соня Жиенбаева WTA рейтингісінде өз көрсеткішін едәуір жақсартады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!